Абай облысындағы науқастан сібір жарасы анықталған жоқ
Жетіжар ауылындағы төтенше жағдай режимі алынып тасталды
Аудан әкімінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі шешіміне сәйкес, залалсыздандару жұмыстарының аяқталуына байланысты Жетіжар ауылында төтенше жағдай режимі алынып тасталды, деп хабарлайды Устинка LIVE
Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылының тұрғынына жүргізілген ПТР және қан мен жара сынамасының нәтижесінде ауру белгілері анықталған жоқ, - делінген хабарламада. - Медициналық диагноз: сол жақ бетінің стафилококково-стрептококковты карбункул.
Қазіргі таңда Жетіжар ауылының тұрғыны ем қабылдап жатыр, жағдайы тұрақты, дене қызуы қалыпты.