Абай облысындағы Шошқалы көлінде шипажай салынбақ
2024-2025 жылдары Шошқалы көлінде балшықпен емдейтін және демалыс аймағы бар шипажай салу жоспарланған
Бұл туралы облыс әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Абай облысындағы қарағайлы орманмен қоршалған Шошқалы тұзды көлі Бесқарағай ауданының інжу-маржаны болып саналады. Мұндағы туристік әлеует жоғар.
Шипалы көл Бесқарағай ауданының солтүстік-батыс бөлігінде, аудан орталығынан 85 шақырым жерде, "Семей Орманы" МОТР аумағында орналасқан. Өзінің емдік қасиеттерімен танымал Шошқалы көлі бір-біріне жақын орналасқан шағын су қоймаларынан тұрады. Олардың барлығы тұзды, бірақ олардың құрамындағы тұз көрсеткіші әртүрлі. Бұл тоғандардың балшығының емдік қасиеті бар.
"Семей Орманы" резерваты демалушыларға жағдай жасау мақсатында көл жағасында: жағажайға құм төседі, киім ауыстыруға арналған кабинкалар, жатар орындар, күннен қорғайтын нысандар орнатты. Сондай-ақ, волейбол алаңы, жабдықталған ас әзірлеу аймағы, үш қоқыс контейнері қойылды. Көл жағасында 12 төсек-орынға арналған шағын қонақ үй бар, - делінген әкімдк ақпаратында. - Жыл сайын көлге жақын облыстардан мыңнан астам адам келеді. Облыс орталығы Семей қаласынан демалыс күндері арнайы турлар ұйымдастырылады. Тур аясында қала және басқа аудандардың тұрғындары көлге автобуспен бара алады.
2024-2025 жылдары "Шошқалы" көлінде балшықпен емдейтін және демалыс аймағы бар шипажай салу жоспарланған.