Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бесқарағайдағы кәсіпкер өзі будандастырған жаңа жылқы түріне патент алды

Бесқарағайдағы шаруа қожалықтарының бірі қазақы жабы мен спорттық жылқы тұқымдарды будандастырып, жылқының "Бесқарағай типін" дамытып отыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Бескарагай (Бескарагайский р-он) / Бесқарағайдағы кәсіпкер өзі будандастырған жаңа жылқы түріне патент алды
Фото:
Абай облысы әкімдігінен

Қожалық иесі алдағы уақытта бұл жылқы түрін бүкіл елге танытпақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы әкімдігі ұсынған ақпаратқа сүйеніп.

Жері құнарлы, алқабы астықты, орманды өлке Бесқарағай ауданындағы "Мукинов" шаруа қожалығының қазақы жабы мен спорттық жылқы тұқымдарды будандастыру арқылы "Бесқарағай типін" дамытып отырғанына он шақты жыл болған.

Бүгінгі таңда аталған шаруа қожалығының "Бесқарағай типінен" тараған шойынқара және байторы типтес қазақ жылқылары селекциялық жетістікке жетіп, патентке ие болды, - деп мәлімдеді облыс әкімдігі. - Бұл жылқының ерекшелігі ол қазақы жабыдан биік, аяқтары сом, тұрқы ұзын, күші мығым, ауа райының қолайсыздықтарына бейім.

Шаруа қожалығының басшысы, Бесқарағай ауданының "Құрметті азаматы" Хабидулла Мукинов алдағы уақытта бұл жылқы түрін еліміздің бүкіл аумағына қолданысқа шығаруды жоспарлауда.

Следующая →