Аягөз ауданында жастарға арналған баспана бағдарламасы енгізілді
"Қозы Көрпеш-Баян сұлу" бағдарламасына 18 бен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады
Абай облысында жастарды баспанамен қамту, жас отбасыларды қолдау, жұмыспен қамту, сапалы білім беру мәселесі басты назарда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі облыс әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Аягөз ауданында өңір жастарын жеңілдетілген ипотекалық несиелеуге бағытталған "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" бағдарламасы қолға алынды, - делінген хабарламада. - Бағдарламаға ауданның 18 бен 35 жас аралығындағы білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, журналистика, әлеуметтік сала, мемлекеттік, қалалық және республикалық мекеме/ұйымдардағы штаттық қызметкерлер, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер қатыса алады.
Жеңілдік несие "Отбасы банкі" арқылы 8 жылға 5% үстемемен беріледі. Қатысушының тұрғын үй бағасының 10%-ын құрайтын банк салымы болуы керек.