Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жарапазаннан жиналған қаржы қайырымдылыққа жұмсалды

Аягөз бен Үржар ауданының өнерпаздары жарапазан айтып, халыққа ізгі тілектерін білдірді

Усть-Каменогорск и ВКО / Аягоз (Аягозский р-он) / Жарапазаннан жиналған қаржы қайырымдылыққа жұмсалды

Ата дәстүрді жаңғыртып қана қоймай, қайырымдылыққа да үлес қосты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қасиетті Рамазан айында Үржар ауданының имамдары мен Мәдениет үйінің өнерпаздары және Аягөз аудандық "Қозы Көрпеш- Баян Сұлу" мәдениет үйінің әртістері және қаланың белсенді жастары ауылдағы қоғамдық орындарды аралап жарапазан айтты. Тұрғындарды жақсылыққа шақырып, ізгі ниеттерін білдірді. Ал тұрғындар әдет бойынша ризашылықтарын білдірді. Ал екі өңірде де жиналған сома қайырымдылыққа жұмсалған.

Естеріңізге сала кетсек, жақында Шығыс Қазақстан облысының бас имамы Ермек қажы Тасболатұлының бастамасымен өскемендік көркем өнерпаздар да сауда орындарында жарапазан шырқаған болатын.

Бүкіл қазақ, мұсылман жұрты үшін ең ұлық ай боп есептелетін Рамазанның басталғанын жырлайтын жарамазан ұлттық болмысымыз бен дәстүрлі дінімізді насихаттайды.

Ахмет Байтұрсынұлы: "Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тұсында тұрып жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп, жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазан айтатын екеу болып жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушы болады", - деген екен.




Следующая →