Аягөз ауданында қаңтар оқиғасында ұрланған қару табылды
Абай облысының полицейлері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды тапты
Фото:
Абай облыстық ПД баспасөз қызметінен
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Аягөз ауданы тұрғындарының бірінің үйінен 12 калибрлі Вепрь-12, оған 12 калибрлі 4 патроны бар, атуға жарамды резеңке оқтар, 62х39 атуға жарамды, (зауыттық тәсілмен жасалған), соққыға қарсы қорғаныс қалқандары, тапаншаға арналған қапшығы бар белдік және арнайы құралдар тәркіленді.
Күдікті қамауға алынды. Аталған факт ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, жағдайлар анықталып жатыр, - делінген полиция ақпаратында.