Аягөздегі қазақ мектебінің базасы толығымен жаңартылды
Аягөздегі қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының техникалық-материалдық базасы жаңа үлгіде жабдықталды
Бұл «Ауылдық жерлердегі тірек мектептер әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасы аясында жүргізілген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Айта кетейік, жобаның демеушілері "Қазақстан халқына" қоры, "Beeline Қазақстан" компаниясы, AITAS холдингі.
Аталған білім беру ұйымы жобаға қатысушы тірек мектептер қатарына енген, - делінген әкімдік ақпаратында. - Ауылдық тірек мектеп заман талабына сай 250 млн теңге көлеміндегі жабдықтармен, атап айтқанда, «STEM кабинеттер», лабораториялар, спорттық құрылғылармен толық қамтамасыз етілді. Жобаны іске асыру ауыл және қала мектептерінің арасындағы алшақтықты жойып, ауыл оқушыларына сапалы білім алуға мүмкіндік береді.