Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Артиллериялық қондырғыдан ату жаттығулары өтті

Аягөз гарнизоны 10181 әскери бөлімінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жеке құрам Майлин оқу-жаттығу полигонында өздігінен жүретін «Акация» артиллериялық қондырғысынан атыс тапсырмаларын орындады

Усть-Каменогорск и ВКО / Аягоз (Аягозский р-он) / Артиллериялық қондырғыдан ату жаттығулары өтті

Атыс жаттығуы кезінде батарея жеке құрамы үйлесімділік пен өзара іс-қимылды пысықтады. Сондай-ақ нысананы оқ-дәрілердің ең аз зарядымен атып зақымдауға ерекше көңіл бөлді.

Аталмыш оқу-жаттығудың басты мақсаты жас мамандардың теория жүзінде алған білімдерін, тәжірибеде толық игеруге үйрету болып табылады. Сонымен қатар, командирлердіӊ біліктілігін тәжірибеде көрсету, дұрыс шешім қабылдауды және шебер басқаруды үйрету де маңызды. 

 Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес жеке құрам өздігінен жүретін «Акация» артиллериялық қондырғысынан ату жаттығуларын өткізді. Жаттығу барысында менің батареям теориялық білімдерін практика жүзінде көрсетіп, барлық нысаналарға дәл тигізе алды. Сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік әзірлігі басшылық тарапынан «жақсы» деп бағаланды, – деп атап өтті артиллериялық батареяның аға офицері Адайбек Құсайынов.

 Өздігінен жүретін артилллериялық қондырғыдан оқ ату әскери қызметшілерге алған білімдерін практика жүзінде бекітуге мүмкіндік береді. Қондырғылардан ату сабақтары әсіресе жас офицерлер мен мерзімді әскери қызметшілер үшін өте маңызды.

Следующая →