Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Аягөздіктер Какаға ат мінгізіп, кеудесіне төсбелгі қадады

Аягөзге еліміздің белді футбол клубы "Қайраттың" бас бапкері Кака, Алматы энергетикалық колледжінің директоры Төлеуғали Тайтөлеев және бүгінде спорт саңлақтарына айналған футзалшылар Біржан Оразов пен Дәурен Тұрсағұловтар келді

Усть-Каменогорск и ВКО / Аягоз (Аягозский р-он) / Аягөздіктер Какаға ат мінгізіп, кеудесіне төсбелгі қадады
Фото:
автор ұсынды

Оларды теміржол вокзалынан шашу шашып күтіп алған халықтың санында есеп жоқ. Бәрі де өз орталарынан шыққан спортшы жігіттер мен әйгілі футболшы болған Кака секілді саңлақтарды өз көздерімен көріп, қолтаңба алып қалуға тырысады.

Жалпы, "Аягөзге белгілі футболшы, жаттықтырушы Кака келеді екен!" деген жақсы жаңалықтың тарағанына екі жылдай болып қалды, - дейді Аягөз спорт мектебінің директоры Еркін Юсупов. - Бүгін, міне, сәті түсіп, қонақтарымыздың табаны қасиетті Аягөз жеріне тиді.

ҚҰрмет - фотоны автор ұсынды (6).jpg

Мәртебелі қонақтар бірден аудан әкімі Сейілбек Ысқақовпен және өңірдің спортсүйер қауымымен кездесті. Жалпы, Пауло Рикарду Фигейро Сильваның Аягөзге ат басын бұруы кездейсоқ емес. Өйткені шағын футболдан еліміздің намысын қорғап жүрген Дәурен мен Біржан бастаған аягөздік өрендер аз емес. Осының бәріне дәнекер болып жүрген өзі де аягөздік Алматы энергетикалық колледжінің директоры Төлеуғали Мұхаметжанұлы десек, артық айтқандық емес. Бұл кісінің қолдауымен бүгінде шағын футболда жүрген жігіттеріміз әлемдік ареналарда атой салуда.

Сонымен, арнайы келген қонақтарды аудан басшысы қабылдап, әлемдік додаларда елдің атын шығарып жүрген азаматтарға өз алғысын білдірді. Пауло Рикарду Фигейро Сильва (Кака) мен Төлеуғали Тайтөлеевтің иықтарына шапан жапты. Какаға ат мінгізіп, кеудесіне "Аягөз мақтанышы" төсбелгісін қадады. Алматыдан келген қонақтар Аягөз балалар мен жасөспірімдер спорт мектебімен танысып, оқу орнының стадионында болды. Жалпы,соңғы жылдары айтарлықтай жетістіктерге жеткен команда таяуда ғана Нұр-Сұлтан қаласында "Altyn Samǵaý-2021" ұлттық спорт сыйлығын алған болатын. Биылғы "Жылдың үздік командасы" атанған футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Аягөз спорт мектебінің түлектері Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Болат Сарбасов, Жомарт Тоқаев, Нарун Серіковтердің (алғашқы жаттықтырушылары Асет Карманов, Асхат Оспанбеков) бар.

Аягөзден Шағын футболдан дәл осы жерден шыққан футболшылар баршылық. Жаңылмасам, 10-15-тей болып қалар, - дейді Қазақстан футбол құрама командасының бас бапкері Кака мырза. - Осы жерде футболдың алғашқы әліппесін үйреткен азаматтарға, Энергоколледждің директоры досым Төлеуғали Мұхаметжанұлына алғыс айтам. Бүгінгі Аягөз халқының бізге көрсетіп жатқан құрметіне рахмет айтқым келеді. Шын мәнісінде, мен Аягөзге келіп қана ел-жұртпен танысып кетем деп ойлаған едім. Мынадай зор құрметті көріп, қазақтың қонақжайлығына тағы бір мәрте тәнті болып тұрмын.

Кака мен Төлеуғали Тайтөлеев сол күні жас спортшылармен кездесті. Олар футбол турнирінің ашылуына қатысып, бас бапкерге бірінші доп тебу құрметі берілді.

Следующая →
Тақырыптар: Кака ҚР Шағын футбол