Денсаулық пойызы ертең Алтай ауданына жетеді
"Саламатты Қазақстан" пойызы 18-19 қыркүйек күндері Күмістау станциясына тоқтайды

Дәрігерлер сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдау жүргізіп, тегін медициналық қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Пойыз заманауи диагностикалық қондырғылармен жабдықталған. Барлық процедуралар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тегін жүргізіледі. Медициналық топтың құрамында дәрігерлер, медиаторлар және заңгерлер бар.
Келесі мамандар қабылдау жүргізеді:
- терапевт;
- хирург;
- травматолог (ересек және балалар);
- педиатр;
- психолог;
- невропатолог (ересек және балалар);
- ультрадыбыстық маман;
- рентгенолог; кардиолог;
- тіс дәрігері (ересек және балалар);
- офтальмолог (ересек және балалар);
- отоларинголог (ересек және балалар);
- гинеколог.
Қажет болған жағдайда кішігірім хирургиялық ота жасалады және жоспарлы емдеуге жолдамалар беріледі. Сонымен қатар пойызда заманауи диагностикалық қызметтер қолжетімді: электрокардиография (ЭКГ); рентген; маммография; ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ); зертханалық анализдер.