Алтайда "Мерген" мен заманауи бейнебақылау камералары орнатылды
Алтай қаласында 277 бейнебақылау камерасы мен 17 "Мерген" аппараттық-бағдарламалық жүйелерін орнату жұмыстары аяқталды

Бұл қаладағы қоғамдық қауіпсіздік деңгейін және құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттырмақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жұмысты "Satory Company LTD" ЖШС жүргізді. Алдағы уақытта бұл компания барлық орнатылған бейнебақылау жүйесіне техникалық қызмет көрсететін болады, - деді Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев. - Қазіргі "Мерген" кешендері кеңейтілген функционалдылыққа ие. Кешеннің камералары болып жатқан оқиғалардың барлық бөлшектері анық көрінетін жоғары сапалы түрлі-түсті кескіндерді береді.
Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қосымша 277 бейнебақылау камерасы орнатылды. Олардың кейбіреулері жасанды интеллект элементтері бар аналитикалық модульдермен жабдықталған. Бұл технологиялар адамдардың бет-әлпетін тануға, күдіктілерді немесе із-түзсіз жоғалған адамдарды анықтауға, ал егер бет-жүзін тану мүмкін болмаса, адамды сыртқы киімінің түсі, сақал-мұрты, көзілдірігінің болуы және басқа да белгілері бойынша анықтауға мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру өңірдегі қоғамдық қауіпсіздік деңгейін және құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін айтарлықтай арттырады.