ШҚО тұрғыны төлқұжатын 69 жасында алған
Ол осы уақытқа дейін КСРО паспортын пайдаланып келген

ШҚО-да миграция қызметі 69 жастағы әйелге өміріндегі алғашқы құжатын алуға көмектесті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысында 69 жастағы Плотникова Людмила Анатольевна алғаш рет жеке басын куәландыратын құжатын алды. Ол өмір бойы ресми құжатсыз жүрген. Осыған дейін 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын пайдаланып келген, алайда кейін оны жоғалтып алған.
Ұзақ уақыт бойы Людмила Анатольевна жаңа құжатты қажет етпеген, дегенмен Қазақстан Республикасының азаматтық мәртебесін қалпына келтіру үшін Алтай ауданының көші-қон қызметіне жүгінуге шешім қабылдаған, - деп мәлімдеді ШҚО ПД. - Көші-қон қызметкерлері оған барлық жағынан қолдау көрсетіп, қажетті құжаттарын жинауға көмектесіп, мұқият тексеру жүргізіп, тиісті органдарға сұрау салған. 2025 жылдың ақпан айында Людмила Анатольевна барлық рәсімдер аяқталған соң, алғаш рет жеке басын куәландыратын құжатын алды.