Өскемен
Қалың бұлтты
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Семей
  • Алматы
    +2°
  • Риддер
    -1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    +1°
  • Ақтау
    +12°
  • Атырау
    +8°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    -3°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    +4°
  • Түркістан
    +10°
  • Орал
  • Шымкент
    +9°
$
493.36
-6.47
572.84
-8.66
¥
71.59
-0.88
6.29
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Тарбағатай ханымы – 2026" арулар байқауы өтті

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Тарбағатай ауданында әсемдік пен ақыл-парасатты ұштастырған арулар байқауы ұйымдастырылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Акжар (Тарбагатайский р-он) / "Тарбағатай ханымы – 2026" арулар байқауы өтті
Фото:
Тарбағатай ауданы әкімдігі

Мерекелік кеш аудан аруларының өнері мен таланты тоғысқан әсерлі шараға айналып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Байқауға қатысқан арулар өздерінің жан-жақтылығын көрсетіп, түрлі кезеңдер бойынша бақ сынады. Бірі әуелете ән шырқаса, бірі қылқаламмен әсем сурет салып, тағы бірі шығармашылық қабілетін паш етті. Қатысушылардың сахна мәдениеті, өнері, тапқырлығы мен білім-білігі әділқазылар алқасы тарапынан бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша:

  • III орын – Қарттар үйі мекемесінің қызметкері Дөкенова Мадинаға бұйырды.
  • II орын – Аудандық аурухананың қызметкері Аида Даниярқызына табысталды.
  • I орын – Абай атындағы орта мектептің қызметкері Ақгүл Аманғазықызына берілді.

Ал байқаудың Бас жүлдесін Айқын Арай иеленді. Жеңімпазға Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Шомпайұлының арнайы сыйақысы мен тәж табысталды.

Бұл байқау нәзік жандылардың сұлулығын ғана емес, олардың өнерін, парасатын және қоғамдағы белсенділігін дәріптеген тағылымды шара болды.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Тарбағатай аруы Байқау 8 наурыз