Ақжар ауылындағы мектеп-лицейде күрделі жөндеу жүріп жатыр
ШҚО әкімі Тарбағатай ауданындағы бірқатар білім ордасын аралап, ауыл мектептеріндегі оқу жағдайымен танысты

Нұрымбет Сақтағанов Ақжар, Сарыөлең және Тәуке ауылдарына барды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Аймақ басшысы Сарыөлеңдегі Б. Момышұлы атындағы негізгі орта мектепте, Ақжардағы Қ. Билялов атындағы мектеп-лицейде және Тәуке ауылындағы Т. Тоқтаров атындағы негізгі орта мектепте болды. Сапар барысында жаңа оқу кабинеттері, спорт залдары, асханалар мен кітапханалардың жай-күйі, материалдық-техникалық база мен оқу процесінің ұйымдастырылуы қаралды.
Айта кету керек, қазір Ақжар ауылындағы мектеп-лицейде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Президент әр баланың тұрғылықты жеріне қарамастан лайықты білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасалуы тиіс екенін талай рет атап өткен. Біздің міндет - сапалы білім беріп, жылы әрі заманауи мектептерді қамтамасыз ету, барлық балаларға теңдей мүмкіндік жасау, – деді аймақ басшысы.