Тарбағатай ауданында Ұлттық киімдер шеруі өтті
Наурызнама онкүндігі аясында Тарбағатай ауданында ұлттық киімді дәріптеуге арналған Ұлттық киімдер шеруі ұйымдастырылды

400-ден астам адам қазақтың бай мұрасын дәріптеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шараға аудан тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, мекеме қызметкерлері және жастар белсенді түрде қатысты.
Ұлттық киім – ата-бабамыздан қалған асыл мұра, рухани байлығымыз. Киім үлгілеріндегі ою-өрнектер, зергерлік бұйымдар мен ұлттық нақыштар – қазақ халқының өзіндік болмысын, дәстүрін, мәдениетін айшықтайды.
Осындай игі шаралар арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттап, болашақ ұрпаққа мирас ету – баршамыздың ортақ міндетіміз.