Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тарбағатай ауданының үш ауылында жаңа медициналық пункт салынады

Тарбағатай ауданында "Ауыл медицинасын жаңғырту" ұлттық жобасы аясында үш жаңа нысан бой көтереді

Усть-Каменогорск и ВКО / Аксуат (Тарбагатайский р-он) / Тарбағатай ауданының үш ауылында жаңа медициналық пункт салынады
Фото:
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасынан

"Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында ауданда алты денсаулық сақтау нысаны, ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту бағдарламасы бойынша тағы үш медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі басқармасының баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сагидуллина Тарбағатай ауданына іссапармен барды. Ол Ақмектеп, Ақжар ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Гүлмира Сагидуллина ең бірінші Ақмектеп ауылындағы медициналық пунктінде болды. Мұнда жақын арада медициналық мекеменің жаңа ғимаратының құрылысы басталады. Жаңа фельдшерлік пункт алғашқы қызмет көрсетуге қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілсе, медицина қызметкерлері үшін ауыл тұрғындарына көрсетілетін көмектер тізімін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ақмектеп ауылында 370 адам тұрады. Мейірбикелердің үйлесімді жұмысының арқасында балалар, қарттар, жүкті әйелдер медициналық тексеруден уақтылы өтеді. Диспансерлік есепте тұрған науқастар дәрі-дәрмекті тегін алады, - дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Елжан Манарбеков.

Басқарма басшысы сондай-ақ Ақжар ауылындағы аудандық аурухана болды. Мұндағы
перзентхана бөлімшесінің кәріз жүйесі мен жылу жүйесін жөндеу жоспарлануда. Ауруханада құрал-жабдықтармен жабдықтауға үлкен көңіл бөлінеді. Жақында оттегі концентраторы сатып алынды.

Ішек ауруларын диагностикалау үшін анестезиямен колоноскопия жасаймыз. Жыл басынан бері осындай 25 операция жасадық. Бұл медициналық көмекке көршілес аудандардың тұрғындары да жүгінеді, - дейді анестезиолог-реаниматолог дәрігер Айнұр Чилибаева.

Жас мамандар ауылға жұмысқа тартылуда. Жақын арада медициналық ұйымның штаты тағы екі дәрігер – акушер-гинеколог және тіс дәрігерімен толықпақ.

Следующая →