Ақжар ауылының 17 көшесін жарықтандыруға 54 млн теңге бөлінген
Тарбағатай ауданындағы Ақжар ауылында жарық тартылмаған 17 көшеге бағаналар орнатылып жатыр
Тендерді Семейлік кәсіпкер ұтып алып, бүгінгі күні Ақжар ауылына келіп жұмысын бастады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Тарбағатай ауданы әкімдігіне сілтеме жасап. Алдағы уақытта ауыл көшелері сапалы жарық шамдармен толығатын болады деп жоспарлануда.
Аудан әкімдігі осылай мәлімдегенімен жергілікті тұрғындарды орынатылып жатқан жарық бағаналарының жіңішке, осал екені алаңдатуда.
Тартылып жатқан бағандар жіп-жіңішке. Түбі 50 мм биіктегенде 32 мм орнатып бітпей, бас жақтары майысып жатыр. Смета бойынша түбіне цемент құйылып, анкер болтпен орнатылуы керек. Оның бірі жоқ, құр шұңқыр қазып, қадап кетіп барады. Ең кем дегенде түбі 100 мм болып және бетондалуы керек, жел соққанда мыналардың барлығы құлайды, - деп жазды жергілікті тұрғындарды бірі Өмірхан Қанағатов. - Ең қызығы жарық бағаналары бар Торайғыров көшесінің аяғына және Амангелді көшесіне екінші қайтара тартылуда, ал бас жағында мұлдем жоқ. Неге мемлекет қаржысын осылай шашамыз, одан да жарығы жоқ көшеге тартылмады ма? қайтадан 54 млн тг қаржы бөлінбейді бұл көшелерге. Ақжар іші көшелеріндегі жарық шамдарының көбі түнгі уақытта сөніп жатады. Не себепті, әлде шамға (лампочка) ақша жоқ па?