Тарбағатайлық ардагерлер арасында волейболдан достық кездесу өтті
Қабанбай батырдың 330 жылдығы құрметіне және Ақжар ауылына аудан ортылығы статусы қайтарылуына орай Тарбағатай ауданында арардагерлер арасында волейболдан жарыс өтті
Фото:
Т. Садыков ұсынды
Алматы, Астана, Семей, Өскемендегі тарбағатайлық спорт ардагелерінің бастамасымен, Тарбағатай ауданы ардагерлерінің қолдауымен ұйымдастырылған облыстық турнирге Марқакөл, Күршім, Зайсан командалары да шақырылды. Осылайша Бақытхан Сайқанов атындағы спорт кешенінде жиыны 6 команда бақ сынасты.
Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, волейбол ардагері Әмір Егінбаев Тұғыл ауылынан өзі бір команда құрып алып келді. Ал астаналық волейбол ардагерлері тарбағатайлық 10-15 ардагерге "Волейбол ардагерлері" деген арнайы төсбелгі табыстады, - дейді қатысушылардың бірі Талант Садыков.
Жарыс қорытындысы бойынша 1-орын Марқакөл, 2-орын Зайсан, 3-орын Тарбағатай-2 командаларына бұйырды. Орын алған командалар ақшалай жүлдемен марапатталса, үздік қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.