Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тарбағатайдың Маңырақ ауылында жаңа спорт клубы ашылды

Тарбағатай ауданындағы Маңырақ ауылында спорт клубы келушілерге есігін айқара ашты. Нысанның ашылуына ауылдың белсенді жастары атсалысқан. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ашылған бұл ғимарат тұрғындарды қуанышқа бөледі

Усть-Каменогорск и ВКО / Аксуат (Тарбагатайский р-он) / Тарбағатайдың Маңырақ ауылында жаңа спорт клубы ашылды
Фото:
Тарбағатай ауданы әкімдігінен

Маңырақ ауылы жастарының ауызбіршілігі мықты. Олар мұны жуырда іспен дәлелдеді. Ауылда бос турған тойхана ғимаратын бірлесіп жиған қаржыға сатып алып, тамаша спорт клубына айналдырды. Ортақ іске жұмыла білген азаматтарға Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында аудан әкімінің алғыс хаттары тапсырылып, ауыл тұрғындары ризашылығын білдірді.

Осы ауылдың азаматтарының, тұрғындарының арқасында мынадай тамаша ғимаратты жас ұрпақтарға, ұл-қыздарға арнап меншіктеп сатып алып, кәдеге жаратқандарыңызға Алла риза болсын. Осының барлығы - ел дамуының көрінісі. Ашылған клуб іші спортты шын бағалай білетін жандарға толсын, - дейді балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Төлеген Қалимажан.

Маңырақ ауылда қазіргі кезде 1245-ке жуық тұрғын бар. Оның 150-ге жуығы жастар. Ендігі кезекте ауыл жастары спорттың кез келген түрімен тегін жаттыға алады. Оған қазақша күреске арналған матрас, боксқа арналған заттар және ауыр атлетика үшін темір құралдар, зілтемір, гір тастары және турник тағы да басқа көптеген заманауи құрылғылармен жабдықталған спорт орталығы мүмкіндік жасайды.

Айта кетерлігі, спорт клубын ашуға қажетті қаражатты ауылдан түлеп ұшқан және ауылда әлі де тұрып жатқан бір топ белсенді жастар жинаған. Жалпы клубтың ашылуына 3 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған.

Артымыздан еріп, өсіп келе жатқан мықты ұрпақ деген осы. Осындай жерім, елім деп жүректері соққан жастар көбейе берсін. Ауылымызда осындай үлкен бастама көтеріп отырған жастарымыз біздің ізімізден қалмай ере берсін, - дейді ауыл тұрғыны Болат Мұқиянов.

Игі шара барысында жасөспірімдер арасында еркін күрестен аудандық турнир өтті. 11 салмақ категориясы бойынша боз кілемде бақ сынасқан жас балуандар өзара мықтыны аңықтады. Женімпаздарға демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтар берілді. Маңырақ ауылының 1977 жылы туылған азаматтары жарыс қатысушыларына спорттық киімдер табыс етті.

Спорт клубының мақсаты - балаларды спортпен айналысуға тарту және бұқаралық-спорттық жұмыс арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Следующая →