Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыс Қазақстанда аудандық аурухананың хирургтері замануи әрі күрделі ота жасады

Ауруханаға жедел түрде ауыр жарақатпен жеткізілген ауыл тұрғынына қажетті диагностикалық шаралар жасалғаннан соң, оның оң жақ бұғанасының акромиальді ұшының толық орнынан шығуы деген диагноз қойылған

Усть-Каменогорск и ВКО / Аксуат (Тарбагатайский р-он) / Шығыс Қазақстанда аудандық аурухананың хирургтері замануи әрі күрделі ота жасады
Фото:
ШҚО медициналық сақтандыру қоры баспасөз қызметінен

Бүгін ауруханамызда бірінші рет травматологиялық науқасқа заманауи әдіспен оперативтік ем жүргізілді. Ол науқас бізге екі күн бұрын құлап, жарақат алып түсті. Хирург әріптестерім рентген суретін көрсетіп, оң жақ бұғананың акромиальді ұшының толық орнынан шыққанын анықтады. Операцияға дайындық аяқталғаннан кейін науқасқа заманауи, аз жарақаттаушы құлыптаушы ілмек тәрізді пластина қою арқылы операция жасалды, - деп бөлісті Тарбағатай ауданының N2 аудандық ауруханасы бас дәрігері Елжан Манарбеков.

Айта кету керек, бұған дейін мұндай ота түрлерін жасау үшін ауыл жұрты Семейге немесе облыс орталығына баратын еді. Ал бұл аудандық аурухана қабырғасында жасалып тұрған алғашқы күрделі трамвотологиялық ота. Бұл ретте, отаның артықшылықтарын да атап өткен жөн. Науқасқа операциядан кейін гипс салынбайды, металлокострукцияның миграциясы болуының қаупі төмен, отадан кейінгі жара жазылғаннан кейін физикалық салмақ түсіруге шектеу болмайды.

Біздің пациентіміз қазір үйіне, күнделікті тірлігіне оралды. Сонымен қатар, оның отбасының бюджетіне бұл операция еш салмақ түсірген жоқ. Себебі барлығы тегін, МӘМС есебінен жүргізілді. Жалпы алдағы уақытта травматологиялық операцияларды өзімізде жасау мақсатында құрал-жабдықтарды толықтыру жоспарлануда, - дейді медициналық мекеме бас дәрігері Елжан Манарбеков.
Фото:
ШҚО медициналық сақтандыру қоры баспасөз қызметінен
Следующая →