Өскемен
ясно
-20°
  • Өскемен
    -20°
  • Алматы
    -12°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    -6°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    -5°
$
524.66
+2.17
550.21
+2.33
¥
72.02
+0.20
5.09
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тарбағатайда Тәуелсіздік күні қарсаңында екі мектеп пайдалануға берілді

Тарбағатай ауданында биыл білім беру саласында 1 млрд 836 млн теңгеге 11 жоба жүзеге асқан

Усть-Каменогорск и ВКО / Аксуат (Тарбагатайский р-он) / Тарбағатайда Тәуелсіздік күні қарсаңында екі мектеп пайдалануға берілді
Фото:
Тарбағатай ауданы әкімдігі

Ағымдағы жылы Шолақорда ауылына 50 орындық, Тәуке ауылына 80 орындық жаңа мектептер салынып, Тәуелсіздік күні қарсаңында пайдалануға берілді, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі.

Сондай-ақ, Маңырақ, Жаңауыл, Жалаңаш, Қамысты ауылдарындағы 4 мектепке, Тұғыл ауылындағы балабақшаға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Тұрар Рысқұлов, Қыдырбек Билялов, Қабыкен Жарылғасынов, Ахмет Байтұрсынов атындағы және Ақмектеп - барлығы 5 мектептің материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Білім саласына салынып жатқан инвестиция өзінің оң нәтижесін беруде. Биыл Абай атындағы орта мектеп облыстың үздік орта білім беру мекемесі атанды. Ал аудандық білім бөлімі жалпы орта білім беру бойынша үздік білім бөлімі болып танылды. Облыс бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинаған 10 оқушының 4-еуі тарбағатайлық түлектер, - деді Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев.

Тұғыл ауылының Шоқан Уәлиханов мектебінің жанынан салынған ғимарат құрылысы аяқталмай қалған. Аудан әкімінің сөзінше, алдағы жылдары ғимараттың құрылысын аяқтап, қолданысқа енгізу жоспарда бар. Сондай-ақ, Құйған ауылындағы орта мектепті де күрделі жөндеуден өткізу жоспарда бар.

Ақжар ауылындағы Қ. Билялов атындағы мектеп-лицейі ғимаратын күрделі жөндеу, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жөндеу, Тұғыл ауылындағы Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу керек. Ал Жаңаталап, Ахметбұлақ, Жалаңаш ауылдарындағы мектептердің жанына спорт залдары мен асхана салу жоспарлануда. Сонымен қатар, Сарыөлең ауылына жаңа мектеп салу жоспарланған. Аталған жобалар 2025-2027 жылдары жүзеге асырылмақ, - деді аудан әкімі.

Следующая →