Тарбағатай ауданында екі мектеп ашылды
Тәуке ауылында 80 орындық және Шолақорда ауылында 50 орындық білім ордасы ашылды
Бұл Тәуелсіздік күні мерекесіне аудан тұрғындарына тамаша тарту, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі.
Қабанбай ауылдық округіне қарасты Тәуке ауылында Төлеген Тоқтаров атындағы негізгі орта мектебінің 80 орындық жаңа ғимараты ашылды. Аталған мектепте оқушылардың заманауи білім алуына толықтай жағдай жасалған. Кабинеттер толық жабдықталған, - деп хабарлады Тарбағатай аудандық әкімдігі. - Ауыл тұрғындары көптен асыға күткен жаңа мектеп ғимараты оқушыларды қабылдап, оқу процесін жүргізуге дайын. 2024-2025 оқу жылында 14 мұғалім, 17 қызметкер жұмыс жасауда.
Айта кеткен жөн, мектептің ескі ғимараты 1969 жылы бой көтерген.
Сондай-ақ, Шолақорда ауылында 50 орындық білім ордасы оқушыларға есігін ашты.
Ал жаңа білім ордаларының ашылуына келген облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева облыс әкімі Ермек Көшербаевтың бұл мектептердің химия-биология пәні кабинеті лобараториясының жабдықталуына қаражат бөлетіні туралы жеткізді.