Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тарбағатай ауданында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ашылды

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті Ақжар ауылында ашылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Аксуат (Тарбагатайский р-он) / Тарбағатай ауданында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ашылды
Фото:
ШҚО білім басқармасы

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде диагностика, түзете-дамыта оқыту, ата-аналарға кеңес беру, оқу-әдістемелік негізгі бағыттары бойынша жұмыс жүргізіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің негізгі міндеті - баланың дамуындағы мәселелерді шешуге көмектесу және оны мектепке дейінгі ұйымдарда немесе жалпы білім беретін мектептерде әлеуметтенуге дайындау. Енді 0-ден 18 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар түзету қолдауымен қамтылады, ал ата-аналар білікті мамандар тобынан уақтылы консультациялық көмек ала алады. Бір курста мұғалімдер 40-тан астам баланы қабылдай алады.

ППТК материалдық-техникалық базасы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін толығымен бейімделген, бұл олардың білім алуының қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады: пандустары, кең есіктері және тактильді белгілері бар кедергісіз орта құрылды; заманауи талаптарға сай жабдықталған логопед, психолог және дефектолог кабинеттері, Монтессори-класс, ЕДШ залы, музыкалық-ритмика сабақтарының залы, тұзды және сенсорлық бөлме, қысқа мерзімді болу тобына арналған кабинет бар, - деп мәлімдеді білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жаңа кабинет жұмысындағы басты бағыт - дамыту бағдарламаларын іске асыру және дағдыларды дамытуға, мінез-құлықты түзетуге және эмоционалды қолдауға бағытталған жеке/топтық сабақтар өткізу, бұл, сайып келгенде, балаларға инклюзивті білім беру жағдайында оқуға және қоғамда әлеуметтенуге көмектеседі.

Мұнда көрсетілетін қызметтер ақысыз екенін ескере кеткен жөн.

ППТК мекенжайы: Ақжар ауылы, Рысқұлов көшесі 69, тел: 8 7014545914; эл.поштасы: kppk_tarbagatai@mail.ru

Следующая →