Өскемен
ясно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +23°
$
478.93
-0.03
534.96
+1.93
¥
67.8
+0.18
5.16
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да шахтада 5 адам қаза тапты

Кеше Ертіс шахтасында 4 адамның мәйіті табылса, түнде Артемьев шахтасында тағы да қайғылы жағдай орын алды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да шахтада 5 адам қаза тапты
Фото:
pexels.com

Алдын ала болжам бойынша Ертіс шахтасындағы 4 ұңғымашыға иіс тіп көз жұмса, Артемьев шахтасындағы 1 үңгушінің үстіне тас түсіп кеткен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі KAZ Minerals Тобы ақпаратына сүйеніп.

Шахтада болған қайғылы оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды.

31 тамызда шамамен 17.30 сағатта Ертіс шахтасында кәсіпорынның екі қызметкерінің және мердігер ұйымның екі қызметкерінің мәйіттері табылды. Алдын ала себебі - газбен улану, - деп хабарлады KAZ Minerals Тобы. – 1 қыркүйекке қараған түні Артемьев шахтасында тастың құлауы салдарынан мердігер ұйымының үңгушісі жарақат алып, қайтыс болды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals тобының директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін өңірге барды.

Компания марқұмдардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетеді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 3-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады ШҚО ПД. - Тергеу жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.


Следующая →