Өскемен
ясно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +23°
$
478.93
-0.03
534.96
+1.93
¥
67.8
+0.18
5.16
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде 600 орындық жаңа мектеп ашылды

Өскемен қаласындағы Нұрлы жол шағын ауданында жаңа №50 орта мектебі алғашқы шәкірттерін қабылдады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде 600 орындық жаңа мектеп ашылды
Фото:
ШҚО әкімдігінен

Бүгін 1-11-ші сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бүгін облыс орталығындағы жаңа қазақ мектебінің ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев пен Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры, жазушы Әлібек Қаңтарбаев қатысты.

Бүгін өскемендіктер үшін тарихи сәт! Облыс орталығы қарқынды өсіп, жаңа ықшамаудандар салынып, олардың әлеуметтік инфрақұрылымы бүгінгі заман талабына сай жасалып жатыр. Соның бір көрінісі – жаңадан ашылып тұрған осы мектеп. Бұл білім ордасы елімізде Президенттің тапсырмасымен бой көтеріп жатқан «Жайлы мектептерден» еш кем емес. Барлық жағдай жасалған. Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзеу, бала оқыту ісінен басталуы керек» деп айтқан. Сондықтан білім саласына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінуде. Биылдың өзінде облыста бұдан бөлек тағы екі мектеп жыл соңына дейін Зайсан ауданы мен Жаңа Бұқтырма кентінде ашылады. Сонымен қатар өңірде жеті «Жайлы мектептің» құрылысы басталды. Мұның бәрі халықтың, өсіп келе жатқан ұрпақтың игілігі үшін істеліп жатыр, – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.

Мектептің жобалық сыйымдылығы – 600 орын. Оқушылар екі  ауысыммен оқитындықтан 1200 баланы қабылдауға мүмкіндігі бар.

3 қабатты мектепте барлығы 32 оқу кабинеті, 4 зертхана, 3 шеберхана кабинеті бар. Барлық кабинеттер жиһазбен, 28 панельді тақталармен және көп функцияналды принтерлермен жабдықталған.

Заманауи үлгіде салынып, материалдық-техникалық базасы талапқа сай жабдықталған №50-ші білім мекемесінде жас ұрпақтың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Мұнда инклюзия кабинеті, асхана, спорт залы, дәрігер кабинеті, үш шеберхана,  радиоорталық, сенсорлық бөлме, ата-аналарды қолдау орталығы, мұрағат, кітапхана, роботты техника кабинеті және зертханасы, акт залы, психологиялық қызмет және логопед кабинеті бар.

Следующая →