Бизнес пен "Ертіс" ӘКК арқасында ШҚО-да жол бойына дәретханалар салынуы мүмкін
Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс XV сессиясында облыс бюджетіне 2024-2026 жылдарға арналған өзгерістерді талқылау кезінде белгілі болды
Фото:
Устинка LIVE
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев атап өткендей, бүгінде облыста жол бойындағы санитарлық-гигиеналық тораптарды салып, күтіп ұстаумен ешкім айналысқысы келмейді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бюджетте осы іске арналған шығын бабы болмағандықтан әкімдік бұл міндетті өз мойнына ала алмайды.
Сол себепті осы салада бизнесі бар адамға жүгіндім. "Ертіс" ӘКК-пен бірлесіп бұл мәселенің шешімін табармыз, - деді Ермек Көшербаев.