ШҚО-да жыл басынан бері мың жарым адам қатерлі ісікке шалдыққан
Ағымдағы жылдың 7 айында ШҚО-да қатерлі ісіктердің 1450 жаңа жағдайы анықталды
Бұл туралы ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жиынға қатысушылар қатерлі ісіктің негізгі көрсеткіштерін, скринингтік бағдарламалар мен "Жасыл дәлізді" іске асырудың тиімділігін, онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспардың индикаторларына қол жеткізу жайын талқылады.
Анықталғандай, биыл облыста қатерлі ісіктің 1450 жаңа жағдайы тіркелген. Былтырмен салыстырғанда сырқат саны 2,2%-ға төмендеді. Өңірдегі өлім-жітім көрсеткіші республикалық көрсеткіштен жоғары. Дегенмен, онкопатологияның құрылымы өзгеріссіз қалды. Науқастардың көбі сүт безі, өкпе обыры және колоректальды обырға шалдығуда. Олардың орташа жасы – 60-70 жас.