Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Катонқарағайға барар жолда заманауи дәретханалар салынбақ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі AMANAT партиясының партиялық бақылау мүшелері Серік Оразбай мен Ғани Шаймардановпен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / Катонқарағайға барар жолда заманауи дәретханалар салынбақ
Фото:
pexels.com

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, кездесу барысында ұзақ мерзімді құрылыс нысандарының мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Олардың қатарында Катонқарағай және Марқакөл аудандарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бар. Қазіргі таңда құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе отырып, нысандарды аяқтап, пайдалануға беру бойынша жұмыс жоспарын құрды.

Сонымен қатар, кездесуде өңірдегі туризм мен инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды. Катонқарағай өңірінің тумасы, туризм саласында жұмыс істейтін Ғани Шаймарданов аймақ басшысына Катонқарағайға баратын жол бойындағы дәретханалардың жоқтығы мәселесін айтты.
- Катонқарағай ауданына баратын жолда бірде-бір заманауи дәретхана жоқ. Шетелдік қонақтарды ауданымызға шақыру ұят. Мен осы бағыттағы жолда заманауи санитарлық-гигиеналық нысандар салғым келеді, - деді Ғани Шаймарданов.

Аймақ басшысы облыстың туристік маршруттары бойында санитарлық-гигиеналық нысандар салу жобасын қолдап, "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына қажетті есептеулерді дайындауды тапсырды. Алтай, Үлкен Нарын және Катонқарағай аудандарының әкімдері жер беріп, сумен қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауы керек.

Следующая →