Маралды тұрғындары мен алтын өндірушілер сот залында татуласты
Мамыр айында Маралды ауылының бірнеше тұрғыны алтын өндіруші фабрикаға басып кіріп, мүлкін қиратқан
Фабрика ауыл тұрғындарын сотқа берген болатын. Күні кеше сот отырысы өтіп, тараптар өзара келісімге келді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
11 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының Самар аудандық соты ҚР ҚК-ның 293-бабы 2-бөлігі 1, 2-тармақтары (адамдар тобымен жасалған бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу, азаматтарға күш қолданып, мүлікті бүлдіру) бойынша қылмыстық істі қарады. 2024 жылы 8 мамырда Маралды ауылының алты азамат ыкүш қолданып фабриканың мүлкін бүлдіріп, қызметкерлеріне қатысты бұзақылық әрекеттер жасаған, - деп хабарлады Самар аудандық сотының баспасөз қызметі. - Басты сот талқылауында жәбірленушілер татуласқандарын, келтірілген зиян толық өндірілгенін айтып, жәбірленушілердің қояр ешқандай талап-тілектерінің болмауына байланысты істі тоқтатуды сұрады.
Самар аудандық сотының қаулысымен сотталушылар ҚК-ның 68-бабы 1-бөлігінегізінде жәбірленушілермен татуласуларына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық іс тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.