Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да мореналық көлдерге аэровизуалды тексеру жүргізілді

ШҚО ТЖД және Қазселденқорғау мамандары "Қазәуеқұтқару" тікұшағында Катонқарағай ауданының Сарымсақты өзені бассейнің айналып өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да мореналық көлдерге аэровизуалды тексеру жүргізілді
Фото:
ШҚО ТЖД

Мұнда 2500 метрден астам биіктікте мұздықтардың еруі нәтижесінде пайда болатын 19 мореналық көл бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Сел қаупі бар кезеңде "Қазселденқорғау" ШҚО филиалының мамандары олардың жай-күйін, толымдылығын және сел және сырғыма ағындарын қалыптастыратын факторлардың болуын қарау үшін оларды жерден және ауадан бақылайды.

Сарымсақты өзені бассейніндегі барлық мореналық көлдер мұз бен қардан ашылып үлгерді, ондағы су деңгейі көтерілген жоқ. Олардың негізгі жыныстардан тұратын тұрақты су өткізбейтін жоталары бар. Бұл көлдерді құрғату бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу талап етілмейді. Алайда қатты жауын-шашын кезінде су едәуір артуы мүмкін. Бүгінгі таңда облыста сел, су тасқыны және сырғыма жағдайы тұрақты, - деп атап өтті"Қазселденқорғау" ШҚО филиалының бөлім басшысы Телғат Нұрахмет.

Шығыс Қазақстан облысының тауларында барлығы 144 мореналық көл бар, олар 11 елді мекенге қауіп төндіретін 13 сел ошағын құрайды. Ең көп мореналық көлдер Зайсан, Катонқарағай аудандарында және Риддер қаласында қалыптасады.

Следующая →