Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +17°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +17°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +23°
$
481.22
+0.63
535.36
-1.22
¥
67.52
+0.08
5.27
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Самар ауылындағы бір отбасы баспанасыз қалды

Кеше түнде Глухенко көшесіндегі жер үйде өрт шықты

Усть-Каменогорск и ВКО / Самар ауылындағы бір отбасы баспанасыз қалды
Фото:
instagram/samar_audany

Қос қожайынға арналған үйдің бірі түгелдей жанып кетсе, екінші үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Самар ауданы әкімдігі тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді сұрады.

Кеше түнде Глухенко 1/2 мекенжайындағы үйде өрт шығып, Дүзбаевтардың шаңырағы түгелдей жанып кетті. Өрт салдарынан көршілері де зардап шекті, олардың үйінің шатыры өртенген, - деп мәлімдеді Самар ауданы әкімдігі. - Баспанасынан айырылып, қиын жағдайда қалған отбасыға кез келген көмек түрі маңызды: киім-кешек, азық-түлік, қаржылай көмек. Көмекті көрсетілген мекенжайға әкеліп беруге және қаржылай көмекті 87052114374 Каспи голд нөмірі арқылы көрсетуге болады.

Өрт туралы ШҚО ТЖД да мәлімдеді.

Өрт екі пәтерлі тұрғын үйдің шаруашылық блогы мен шатырында орын алған. Құтқарушылар 250 шаршы метрді қамтыған өртті тез жойды. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау өрттің шығуына себеп болған, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.

Следующая →