Катонқарағайда "Аналарға құрмет" марафоны өтті
Катонқарағай ауылында 21 шақырымға жүгіруден марафон өтті
Жарысқа жалпы саны 40 марафоншы қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Катонқарағай ауданы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Марафон Белқарағай ауылының кіреберіс тұсынан Катонқарағай ауылындағы Қаратай спорт кешеніне дейін созылды.
Марафон жеке кәсіпкер Айқын Қалитовтың бастамасымен, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің көмегімен ұйымдастырылды. Жарысқа Нұралин Ербол, Қалитов Айқын, Исабаева Дариға, Қақпанбаев Досжан, Досанов Медет сынды аудан азаматтары демеушілік көрсетті.
Жарыс 50 жастан, 30 жастан жоғары, 18 жастан жоғары ерлер арасында және әйелдер арасында өтті.