Максим Мұхаметов Өскеменге Гагарин кубогын алып келді
Шығыс Қазақстанның жас хоккейшілері Құрлықтық хоккей лигасының басты олжасы - Гагарин Кубогына қол жеткізді

Оны Өскеменге "Металлург" ХК шабуылшысы, қаламыздың тумасы және "Торпедо" хоккей мектебінің тәрбиеленушісі Максим Мұхаметов әкелді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Жас спортшылар үшін бұл жаңа жеңістер мен бастамаларға жолдама болары сөзсіз.
Салтанатты шараға облыс әкімі Ермек Көшербаев қатысты. Өңір басшысы спортшылардың ата-аналармен және жаттықтырушылармен сөйлесіп, хоккейді одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Өйткені Шығыс Қазақстан хоккейшілердің нағыз ұстаханасына айналған.
Енді Зайсан мен Риддерде осы спорт түріне көбірек балаларды тарту үшін хоккей модульдері салынатын болады.