Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
ШҚО ТЖД мамандары жабдықталмаған жағалауда суға түсіп жүрген өскемендіктердің бірін бүгін анықтады
Құтқарушыларға Өскеменде Үлбі өзенінде бір адамның суға түсіп жүргені туралы қоңырау түскен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Белгілі болғандай, 1958 жылғы азамат шомылуға рұқсат етілмеген, жабдықталмаған орында суға түсіп жүрген. Құтқарушылар мен дәрігерлердің көмегіне мұқтаж емес еді, – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. – ҚР ӘҚБтК 412-бабы "су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны" үшін қалалық ТЖ басқармасының қызметкерлері суда демалушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Облыста бұған дейін осы бап бойынша 15 адам жауапқа тартылған.
ШҚО ТЖД судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептерін еске салады:
Төтенше жағдай туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.