Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде мемлекет қаржысына несиелік көпқабатты 4 тұрғын үй салынды

Өскемендегі спорт кешенінің артындағы шағын ауданда мемлекет қаржысына 4 тұрғын үй салынған

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде мемлекет қаржысына несиелік көпқабатты 4 тұрғын үй салынды
Фото:
Устинка LIVE

Оның екеуі пайдалануға беріліп қойса, екі үйдің құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл үйдегі дайын пәтерлердің 1 шаршы метріне баға 348 мың теңге. Оның 200 мың теңгесі облыстық бюджеттен, қалған соманы жергілікті әкімдік қаржыландырып отыр. Бұл үйлер мемлекеттік бағдарламалар арқылы "Отбасы банкі" салымшыларына жеңілдетілген несиемен беріледі.

Қалада тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Спорт кешенінің артындағы Есенберлин және Сәтпаев даңғылдарының ортасында орналасқан шағын ауданда мемлекеттің қаржысына 4 тұрғын үй салынып жатыр, - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. - Екі көпқабатты тұрғын үй қазір пайдалануға берілген, тұрғындар қоныстанған. Тағы екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. 90 пәтерден екі үй 180 отбасыға беріледі. Біздің негізгі міндетіміз – осы үйлерді уақтылы салып, тұрғындарды жайлы үймен қамтамасыз ету. Қазір құрылыс аяқталуға жақын, балалар ойын алаңын салу сынды қосымша жұмыстар қалды. Бір айдың ішінде жұмыстар толық аяқталады.

Следующая →