Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Сәби ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр
Көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен бала жедел жәрдеммен Ана мен бала орталығына жеткізілген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, сәби Ана мен бала орталығының жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті көрсетуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі оқыс оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатқанын, сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, 5-ші қабаттан құлаған бала 3 жаста.