Ербол Нұрғалиев жаңа қызметке тағайындалды
Ол енді ШҚО әкімінің идеология мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарады
2023 жылдың шілде айынан осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкіміне сәйкес Ербол Нұрғалиев облыс әкімінің идеология мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлының идеологиялық істер саласында мол тәжірибесі бар. Еңбек жолын 1994 жылы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында ауыл мұғалімі болып бастаған. Жарма ауданының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, ШҚО Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары лауазымына дейін қызмет етті. Екі облыстың ішкі саясат басқармаларын басқарды. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды.
Ол орталық мемлекеттік органдарда талай жыл қызмет етіп, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік сектор меңгерушісі лауазымдарында қызмет жасады.