Өскеменде алғаш рет садақ атудан республикалық чемпионат өтеді
Дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді
Жарыстар облыс орталығында 3 шілдеде басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Чемпионаттың ұйымдастырушылары – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, "Sadaq Aty" республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясы, "Oskemen sadaq atu" дәстүрлі садақ ату федерациясы.
Чемпионатқа Қазақстан өңірлерінен 300-ге жуық мерген өздерінің бақтарын сынайды деп күтілуде. Жалпы 7-9 жас, 10-12 жас, 13-15 жас, 16-17 жас аралығындағы қыздар және ұлдар қатысатын болады, - деп хабарлады дәстүрлі садақ ату федерациясы. - Жарыс үш түрлі нысана негізінде өткізіледі. Олар – Пута нысанасы (5 оқтан 5 мүмкіндік), Қалқан нысанасы (5 оқтан 5 мүмкіндік) және Жамбы нысанасы (5 оқтан 5 мүмкіндік). Жас ерекшіліктеріне байланысты әр нысананың арақашықтары әртүрлі.