ШҚО-да өрт қаупі бар орындарды әуеден барлады
Облыстағы орманды өлкелерде шілде-тамыз айларында өрт қаупі жоғары
Қауіптің алдын алу мақсатында мамандар әуеден барлау жүргізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өрт қаупі бар кезең аясында облыс әкімі Ермек Көшербаев пен ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов облыстың өрт жағдайын қарап шықты. Нәтижесінде жылу нүктелері анықталған жоқ.
"Большенарым орман шаруашылығы" КММ және орманшылықтар базасында Үлкен Нарын ауылының №26 ӨСБ, Катонқарағай аудандық ауруханасы және Үлкен Нарын ауданының АПБ ЖПҚ күштер мен құралдарды тексеру, табиғи өрттерді жоюға дайындық жүргізілді.
Жыл сайынғы талдауға сәйкес, қауіпті маусымда шілде-тамыз айларында өрт оқиғалары артады. Өрттің орман қоры мен елді мекендерге өтуіне жол бермеу үшін қорғайтын минералдандырылған жолақтар орнату және оларды уақтылы жаңарту жұмыстарын жалғастыру қажет, - деп атап өтті Рашид Блялов.