Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге жеткізілді
Өткен жұма күні Ош облысының Ноокат ауданында жойқын сел тасқыны жүрген
Кешегі күнге дейін қаза болған 8 адамның денесі табылды. Олардың арасында өскемендік 4 бала бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз өздерінің аналарымен бірге туыстарына қонаққа барған. Туристік орындағы сел тасқыны төрт баланың өмірін қиды.
Бүгін қаза тапқандардың денелерін Өскеменге арнайы бортпен жеткізді. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметтерінің мамандары жұмылдырылды, - деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. - Өңір басшысы Ермек Көшербаев қаза тапқандардың туыстарымен кездесті. Осы қиын күндерде жергілікті атқарушы орган жерлеу рәсімін ұйымдастыруды өз мойындарына алды. Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері қаза болған балалардың отбасыларына көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.