Өскеменде "ДОМБЫРА Party" өтеді
Шілденің бірінші жексенбісі - Ұлттық домбыра күні
Фото:
instagram.com
Осыған орай шаһарда ауқымды акция жоспарлануда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Кешкі патиге домбыра шерте білетін кез келген қала тұрғыны қатыса алады.
Домбыра шерте алатын азаматтарды 5 шілде күні кешкі сағат 18.00-де "АДК" сауда үйіне шақырамыз. Өз домбырасын ала келуі керек. Көпшілікке "Ерке сылқым", "Балбырауын", "Адай" сынды күйлер орындалады, - деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігінің жастар ресурстық орталығы.