Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +20°
$
481.84
531.33
¥
68.66
5.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шмелев Лог кентіндегі жолдар жөнделіп жатыр

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Шмелев Лог кентіндегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Усть-Каменогорск и ВКО / Шмелев Лог кентіндегі жолдар жөнделіп жатыр
Фото:
Устинка LIVE

"Жол жылы" аясында мұндағы төрт көшеге асфальт төселеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шмелев Лог кентіне көптен бері көңіл бөлінбеген. Былтыр мұндағы су құбырлары жаңартылып, жер үйлер орталықтандырылған су жүйесіне қосыла бастаған.

Ал биыл жол жөндец жұмыстары басталды. Жалпы ұзындығы 2,3 шақырым болатын Ползунов, Багратион, Димитров және Железнодорожная көшелеріне тас жол төселеді. Оның екеуінде мүлдем асфальт болмаған.

Кенттегі басты мәселелерді көтеріп, тұрғындардың мұңын билікке жеткізіп жүрген жергілікті тұрғындардың бірі Алексей Петров жолдар соңғы 40 жылда жөндеу көрмегенін айтады.

Қаладағы "Шағын аудандарды дамыту" бағдарламасы бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Соның ішінде Шмелев Лог кенті де бар. Төрт көшеге тас жол төселеді, мердігер компания жұмысты бастап кетті, қажетті материалдары бар, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. - Енді келесі жылы қандай көшелерді жөндеу қажеттігін анықтау керек.

Дегенмен жұмыстар барысында бірқатар олқылықтар да анықталды. Мәселен, Алексей Петров көктемде және жаңбырдан кейін су үй аулаларына кірмеуі үшін жол деңгейін ескеру қажеттігін айтты. Қала әкімі бұл ескертуді ескеріп, тиісті мамандарды тартуды тапсырды.

Одан өзге Жол активтері сапасының ұлттық орталығы да мердігер мен қалалық ТҮКШ бөліміне ескерту жасады.

Жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақта сараптама жүргізіп жатырмыз. Мұнда жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын білдіретін уақытша жол белгілері толық емес. Көліктер жүретін жол болғандықтан қауіпсіздікке әсер етеді. Жол жабынын төсеу барысында температуралық норманың сақталмағаны анықталды. Асфальт-бетон сынамасын, үш күн өткеннен кейін керн сынамаларын аламыз, - деді "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" ШҚОФ сапа бақылау бөлімінің басшысы Саяхат Оралханұлы.

Мердігер компания "VE Devolopment" ЖШС төрт көшедегі жұмыстарды тамызға дейін аяқтауы керек. 
Следующая →