Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде 42 көпқабатты үйдің сыртқы қасбеті жөнделеді

Бұған дейін биыл облыс орталығындағы 34 үйдің қасбеті жөнделеді деп жоспарланған

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде 42 көпқабатты үйдің сыртқы қасбеті жөнделеді
Фото:
Устинка LIVE

Қазір бюджет қаражатын үнемдеу есебінен жөнделетін үйлер 42-ге жетті, алдағы уақытта саны артуы да ғажап емес, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Назарбаев көшесіндегі 6 үй, Шәкәрім көшесінде 14 үй, Қазақстан көшесіндегі 16 үй, Бейбітшілік, Нұрмағамбетов көшелеріндегі көпқабатты үйлер күзге дейін жөнделіп бітуі керек.

Қазір Сағадат Нұрмағамбетов көшесіндегі 36, 40, 44, 48-ші үйлердің сыртқы қасбетін жөндеу жұмыстары басталды. Бұл үйлерге күрделі емес, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, үй қасбетінің бүлінген тұсы қырылып, қайта сыланады, боялады. Бірінші қабаты сарғыш түске, жоғарғы қабаттар ашық сары түске боялады.

Жұмыстарды "ВК Регион" ЖШС мердігер компаниясы бастады. Барлық жөндеу жұмыстары 28 шілдеге дейін аяқтауы керек. 3 жыл кепіл мерзімі бар, бүлінсе өз қаражаттарына жөндеуге міндетті болады. Бұл үйлер 1950 жылдары бой көтерген. Ширек ғасырдан астам уақыт бойы сырты жөндеу көрмеген көрінеді, - деді қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Амантай Бақыт.


Следующая →