Өскемен
ясно
+26°
  • Өскемен
    +26°
  • Алматы
    +30°
  • Астана
    +30°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +30°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +27°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +31°
  • Петропавловск
    +26°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +31°
$
471.46
+5.94
504.79
+6.59
¥
64.92
+0.87
5.53
+0.08
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жастардың денсаулығы - ұлт болашағы, ұлт сапасы

ШҚО-да репродуктивті денсаулықты сақтау бойынша апталық өтіп жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Жастардың денсаулығы - ұлт болашағы, ұлт сапасы
Фото:
Устинка LIVE

Республикалық апталық 24-29 маусым аралығында өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Апталық аясында Өскемен қаласындағы №2 қалалық ауруханасы ашық есік күндерін өткізіп, мамандар таңғы сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін қабылдау жүргізіп жатыр. Мұнда жасөспірімдер мен жастарға кездейсоқ жыныстық қатынастың салдары, жыныстық жолмен жұғатын түрлі инфекциялар, жүктілікті, жалпы отбасын жоспарлау жолдары түсіндіріледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, жыл сайын бүкіл әлемде 15-19 жас аралығындағы 12 млн қыз бала ана атанады екен, оның 775 мыңы - 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер.

Халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау – мемлекетіміздің денсаулық сақтау саласындағы басты бағыттардың бірі. Мемлекет тарапынан халықтың денсаулығын сақтау саласына қажетті қаржыландыру, материалдық жабдықтау бойынша үнемі қолдау көрсетілуде.

Одан өзге, елде ана мен баланың құқығын қорғау, әлеуметтік және денсаулық жағдайын жасау туралы түрлі қорлар, кеңестер мен қоғамдық ұйымдар жұмыс істеп жатыр. Осыған қарамастан, жасөспірімдер арасында босану мен түсік жасату, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, ана мен бала өлімі фактілері елімізде орын алуда.

Осы орайда айта кеткен жөн, ШҚО-да 5 мыңнан астам адам АИТВ инфекциясын жұқтырған.

ШҚО АИТВ инфекциясын жұқтыру көрсеткіші бойынша елде көш бастап тұр. Олардың көбі 18-40 жас аралығындағылар. Бұл дегеніміз жастардың өздерінің денсаулығын сақтау, аурулардың алдын алу сынды шаралараға немқұрайлы қарайтындығын, жыныстық сауатсыздығын көрсетеді, - дейді Өскемен қаласындағы №2 қалалық ауруханасының гинеколог дәрігері Назигүл Ускембаева.

Маманның айтуынша, қазіргі таңда жыныстық жолмен жиі берілетін аурулар қатарында хламидиоз, гонорея, трихомониаз, вирусты С гепатиті бар.

Сол үшін де халықты, әсіресе жастарды ақпараттандыру жұмыстарын күшейткен жөн.

Қазір бүкіл елде жүріп жатқан апталық аясында репродуктивті денсаулықты сақтау бойынша ақпаратты түсіндіру шаралары, денсаулық сақтау орталықтарында ашық есік күндері, жасөспірімдерге арналған тегін медициналық тексерулер мен кеңестер ұйымдастырылады.

Қазір бұл апталық бүкіл республика бойынша өтіп жатыр. Ал поликлиникада ашық есік күндері жиі, айына екі рет өтіп тұрады. Ашық есік күндеріне кез келген 10-29 жас аралығындағы жастар келе алады, - дейді гинеколог Назигүл Себэевна. - Мұнда мамандар жасөсіпірімдерге ағзасындағы өзгерістерді, кездейсоқ жүктілік салдарын, жүктіліктен сақтану тәсілдерін түсіндіру, жастарға жүктілікті, отбасын жоспарлау бойынша кеңес беріледі. Апталық басталғалы 30-дан астам жастарды қабылдадық.

Поликлиника "Болашақ" жастар денсаулық орталығымен 4-ші жыл бірлесіп жұмыс істеп келеді. Яғни, жыл басында арнайы жоспар құрылып, мамандар қаладағы барлық мектеп оқушыларымен, колледж студенттерімен жиі кездесу өткізіп, лекциялар оқиды.

Жыныстық сауаттылық, жастармен осы тақырып аясында ашық әңгіме соңғы 3-4 жылда ашық жүргізіле бастады. Негізі 10-12 жастағы балаларға ағзасының жетілетіндігі, қандай өзгерістер болатыны, етеккір келуі, жеке гигиеналық талаптар жайлы айтылуы керек. Ал 14 жастан бастап жыныстық қарым-қатынас туралы түсіндіру керек, - дейді гинеколог Назигүл Себэевна.

Следующая →