ШҚО-да ең үздік заманауи драматургиялық қойылым байқауы өтеді
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев өңірдегі зиялы қауым өкілдерімен кездесті
Кездесу барысында қонақтар еркін диалог форматында бүгінгі реформалар мен жастарға тәрбие берудегі мәдениеттің рөлін талқылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мәдениет ұлттық бірегейлік пен әлеуметтік құндылықтардың көрінісі ретінде мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық аспектілерін реформалау үдерістерінде маңызды рөл атқарады. Аталмыш саланы дамытумен қатар, креативті экономиканы дамытуға да көңіл бөлу маңызды. Өнерге деген сүйіспеншілікті бала кезінен оятып, болашақта шығармашыл жастарды қолдау керек, - деді аймақ басшысы.
Жиын барысында публицистер, журналистер, шығармашылық саласының өкілдері шығармашылық пен креативті экономиканы дамыту туралы ойларын ортаға салды. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Әлішер Сүлейменов атап өткендей, шығысқазақстандықтардың өмірі туралы ең үздік заманауи драмалық қойылымға байқау өткізу қажет. Сондай-ақ облыстың белсенді жастары мен жұртшылығы туралы веб-сериал түсіру ұсынылды. Шара соңында алдағы уақытта ШҚО креативті индустрия орталығының ашылатыны жарияланды.