Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +25°
$
471.46
504.79
¥
64.92
5.53
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 98 балаға әкелері 84 млн теңге қарыз

Облыстағы балаларына алимент төлемей жүрген ойынқұмар 75 әке букмекерлік кеңселерге 100 млн теңге салған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 98 балаға әкелері 84 млн теңге қарыз
Фото:
pexels.com

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы бұл азаматтар онлайн ойындарға ерікті түрде өз-өздеріне шектеу қойдырған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында 98 балаға жалпы 84 млн теңге қарызы бар 75 алимент төлемеген әкнің соңғы 3 жылда букмекерлік кеңсенің пайдасына 100 млн теңгеден астам соманы қайтарымсыз аударғаны анықталды.

Мәселен, Өскеменде 1,5 млн теңге алимент қарызы бар борышкер онлайн букмекерлік кеңседе 7 млн теңгеге құмар ойнына бәс тігіп, ұтылған.

Талдау нәтижелері бойынша олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілген соң, борышкерлер өз бетінше (E-Gov мобильді қосымшасы арқылы) құмар ойындарға қатысуға тыйым салды, - деп хабарлады облыстық прокуратура. - Сонымен қатар, борышкерлердің құмар ойындарға қатысуының жолын кесу бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін ҚР Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне елімізде жұмыс істейтін букмекерлік кеңселерді анықтау туралы хат жолданды.

Құмар ойынға бәс тігетін тұлғалар туралы деректер де алимент төлеуден жалтарудың дәлелі болады.

Бүгінгі таңда алимент төлемеу бойынша қылмыстық істерді тоқтату туралы 2 шешімнің күші жойылып, қосымша тергеуге жіберілді.

Следующая →