Аққайнарда археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр
Мамандар көне түркі дәуіріндегі Қансардың жерлеу және мемориалдық ескерткіштерін зерттеуде
Фото:
instagram/shqo_olketanumuzei
Жобаға Зейнолла Самашев жетекшілік етуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО облыстық тарихи-өлкетану музейі ақпаратына сүйенсек, Қатонқарағай өңіріндегі Аққайнар ауылы маңындағы көне түркі дәуіріндегі Қансардың жерлеу және мемориалдық ескерткіштерін зерттеу орнында жетекшілерден бөлек, Семей қаласында орналасқан Шәкәрім университеті мен Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Университетінен келген студенттерден құралған 20 адам жұмыс істеуде.