Облысымыздағы 4 мектептен гимназия дәрежесі алынады
ШҚО Әкімі Даниал Ахметов гимназия дәрежесін растай алмаған мектептерден дәрежесін алып тастауды тапсырды
Фото:
dec-edu.com
Жүргізілген тексеру нәтижесінде 11 мектеп-гимназиясы мен лицейлері өздерінің дәрежесін растай алмады. Жетеуі бұл дәрежеден бірден айырылса, қалған төртеуіне екінші рет растауға мүмкіндігі беріліп, жыл соңына дейін шегерілді. Алайда облыс әкімдігінде өткен кезектен тыс отырыс барысында Даниал Ахметов білім басқармасының басшысы Айжан Садықова қалған 4 мектепті гиназия дәрежесінен айыру керектігін айтты.
Следующая →
- Талапқа сай емес 11 мектеп тарапына қандай шешім қабылданды? Егер қандай да бір үлкен мәселелер болса, онда олардың тараптарына қатал шешім қабылдау керек. Бұл дәрежеге лайық емес лицей мен гимназиялар дәрежеден айырылсын, - деді Даниал Ахметов.
20 наурызға дейін бұл мәселелерге және лицей, гимназия дәрежесін беруге қатысты шешім қабылданатын болады.