Өскемен
ясно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +31°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +29°
  • Қызылорда
    +34°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +32°
$
459.75
+1.77
494.14
+3.28
¥
63.35
+0.23
5.54
+0.28
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҰОС және ІІО ардагері Құрмат Рахимов ғасырлық мерейтойын атап өтті

Өскеменде Шығыс Қазақстан полицейлері батыр Рахимовқа арналған қабырға суреті мен құрмет тақтасы ашылды

Усть-Каменогорск и ВКО / ҰОС және ІІО ардагері Құрмат Рахимов ғасырлық мерейтойын атап өтті
Фото:
ШҚО ішкі саясат басқармасы

Құрмат Рахимұлы Ұлы Отан соғысына қатысып, одан келген соң шекарада қызмет етіп, артынша ішкі істер органында ұзақ жылдар еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Кенигсбергті алғаны үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Жауынгерлік еңбегі үшін" медалімен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталған. Ал биыл ақсақал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан "Құрмет" орденімен марапатталды.

WhatsApp Image 2024-06-17 at 21.52.57 (1).jpeg

Жүз жылдық мерейтойына орай облыс орталығындағы үйлердің біріне ақсақалдың муралы салынды, сондай-ақ құрмет тақтасы ашылды.

Арт-объектінің салтанатты ашылуына ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков, ардагерлер, ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері, Құрмат Рахимұлының туыстары мен жақындары қатысты.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтің, жеке құрамның және жеке өзімнің атымнан Құрмат Рахымұлын 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін. Бұл маңызды салтанатты шараның полиция күні қарсаңында өткеніне қуаныштымыз. Баршамыз үшін нағыз ерліктің, Отанға деген сүйіспеншіліктің нышаны іспетті қызмет етіп келе жатқан осындай ғажайып тұлғаның қасында өмір сүріп жатқаны облыс тұрғындары үшін бақыт. Бүгін мен ардагердің туыстары мен жақындарына, ШҚО ПД қызметкерлеріне, сондай-ақ ақсақалдың жерлестеріне және батырымыздың өміріне қолдау білдірген баршаға алғыс білдіргім келеді, - деді полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков.

Одан өзге, мерейтой иесі үшін фотосуреттерден құралған ретро-таспа, 1960 жылдардың стиліндегі жұмыс кабинеті ұйымдастырылып, өңір басшысы Ермек Беделбайұлы Құрмат Рахимұлын құттықтады. Солжағалау саябағында ардагерлермен бірге солдат ботқасын жеп, соғыс жылдарындағы бастан өткен оқиғаларын айтып, Жеңіс күнін қалай атап өткені жайлы жылы естеліктерімен бөлісті.

imgonline-com-ua-Resize-vVozR3i1ylDm.jpg

Құрмат Рахимұлы Рахимов 1942 жылы майданға аттанған. Невель қаласынан Кенигсбергке дейін, Беларусь, Литва және шығыс Пруссия аумақтары арқылы шайқастармен өткен, кейіпкер сол жерде көптен күткен Жеңісті қарсы алған.

1965 жылы Өскеменде полиция погонын тағып, облыстық ІІБ бастығының орынбасары қызметін атқарған. 1981 жылы ол құрметті еңбек демалысына шықса да, бүгінгі күнге дейін өз ісіне адал болып қала берді.

Следующая →