Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Төр Алтайда дәстүрлі ақындар фестивалі өтті

Өскемендегі дәстүрлі "Төр Алтай жырлайды" жыр фестивалі биыл жерлес ақын, журналист Ұлықбек Есдәулеттің 70 жас мерейтойына арналды

Усть-Каменогорск и ВКО / Төр Алтайда дәстүрлі ақындар фестивалі өтті
Фото:
Устинка LIVE

Оған жергілікті жиырмадан астам ақын қатысып, Ұлықбек Есдәулетке арналған және еркін тақырыптағы жырларынан шашу шашты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Айта кетейік, шығыстағы бұл поэзия фестивалі ШҚО Мәдениет басқармасы және ҚР Жазушылар одағының облыстық филиалының ұйымдастыруымен осымен төртінші мәрте өткізіліп отыр. Мақсаты - осы киелі мұраны кеңінен насихаттап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, талантты жастарды талабын ұштап, қолдау көрсетіп, халыққа таныту.

Ақынның мерейтойына арналған жыр кешіне алыстан ат терлетіп ақын Маралтай Райымбеков, опера әншісі Тлеубек Қожанұлы, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Асқар, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің репертуарлық саясат және өңірлік қызметті үйлестіру басқармасының басшысы Рига Талғатқызы, ақын Гүлнар Салықбай мен Қалқаман Сарин келді.

Төр Алтайға келген қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдері алдымен Абай ескерткішіне және Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды.

Ұлықбек Есдәулетов ағамыздың мерейлі 70 жасы және бүгінгі дәстүрлі поэзия фестивалі құтты болсын! - деп құттықтады ШҚО әкімі Ермек Көшербаев. - Мен бұған дейін де ақын Ұлықбек Есдәулетов ағамызбен бірнеше рет кездесіп, рухани шараларда бірге болдық. Мәскеуде елші болып қызмет атқарғанда ағамыздың өлеңдері Ресейде кеңінен насихатталғанын көрдім, ол кісінің арнайы марапатқа ие болғанына куә болдым. Ақын шығармашылығын жастар сүйіп оқитынын да білеміз.

Облыс басшысы ақын мерейтойына орай ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жіберген құттықтау хатын оқыды.

Бұл поэзия фестивалі жыл сайын облыс әкімідігінің қолдауымен жалғасын тауып келеді. Жыр кешін өңіріміздегі торқалы тойға тоқайластырып өткізуді де үрдіске айналдырдық. Биыл төртінші рет жалғасын тапқан "Төр Алтай жырлайды" фестивалі бұл жолы қазақтың қабырғалы қаламгері, жерлесіміз Ұлықбек Есдәулетовтің 70 жылдық мерейтойына орай өтіп отыр. Жыр кешіне қатысатын ақындардың қатары жыл санап артып келеді, биыл 20 ақын қатысты. Оларға бір реттік ақшалай сыйақы тағайындалған. Бұл да болса руханиятқа көрсетіліп жатқан қолдау, ақындарға демеу, – дейді Қазақстан Жазушылар одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Әлібек Қаңтарбаев.

Айта кетейік, Ұлықбек Оразбайұлы Зайсан ауданының Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген, ол Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, "Құрмет орденінің" иегері,"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері". Ақынның шығармалары шет телдеріне аударылған, өзі де бірнеше халықтардың ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

Өскемен - менің еңбек жолымды бастаған қала. Осы қалада анам, туған-туыстарым тұрды. Кенді Алтайдың астанасы – көңіліме, жүрегіме ыстық қала. Біраз жыл бұрын өзіміз негізін қалаған "Төр Алтай жырлайды" облыстық өлең фестивалін былтыр Оралхан Бөкейдің шығармашылығына арналса, бүгін менің шығармашылығыма арнап жатыр. Бұл мен үшін бір ғанибет, - деді Ұлықбек Оразбайұлы. 

Мұндай жыр кештері жергілікті жас ақындар үшін және өрнекті өлеңге сусаған жырсүйер қауым үшін үлкен мереке.

Поэзия фестиваліне өзім екінші рет қатысып отырмын, - дейді жас ақын Тәттімбек Асхан. - Бұл фестиваль ақындардың бас қосып, бір-бірінің шығармашылығымен танысуына, ортамен араласуына мүмкіндік береді. Ең бастысы жас ақындарға басымдық беріледі, жастардың шығармашылығын танытуға мүмкіндік жасайды.

Следующая →